15 мая, 2025
Боксты 17 жаста бастаған Виктория Графеева Азия чемпионы атанды

Боксты 17 жаста бастаған Виктория Графеева Азия чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы қоржынына Азия чемпионатының алғашқы алтын жүлдесі түсті.

60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева топ жарды. Отандасымыз финалда қытайлық Ли Циангтан айласын асырды. Қазақстандық боксшы финалға дейінгі екі қарсыласын да техникалық нокаутпен жеңіп шыққан болатын. Виктория Графеева боксқа 17 жасында келген. Оған дейін жеңіл атлетикамен айналысқан.

https://t.me/sportzhaily