Бірнеше заңсыз көші-қон фактілерінің жолы кесілді

Бірнеше заңсыз көші-қон фактілерінің жолы кесілді

Қостанай облысының аумағында құқық қорғау органдары «Жалдамалы 2023» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.Полиция департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Шекара қызметінің бөлімшелерімен «Жалдамалы 2023» жедел-алдын алу іс-шараларының мақсаты – Заңсыз көші-қон арналарын жабу және қылмыскерлерді, халықаралық іздеуде жүрген экстремистік ұйымдардың көмекшілерін анықтау деп мәлімдеді Қостанай облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерлан Сембин.

Полиция қызметкерлері заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. ЖПІШ басталғаннан бері қызметкерлер мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің 3 арнасының қызметін анықтап, жолын кесті.
Экстремистік ұйымдарға қатыстылығына Орталық Азия аймағынан, сондай-ақ Пәкістан, Йемен және

Үндістаннан келген 32 шетелдік азамат тексерілді.

ЖПІШ кезінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 43 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, мемлекетаралық іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталды.

Жаңалықтармен бөлісу