Бейімбет Майлин ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша монополияға қарсы орган Тобыл кентінің тұрғындары үшін “Тобыл” МКК жүргізетін жылумен жабдықтауға, сумен жабдықтауға және су бұруға белгіленген тарифтерді төмендету жөнінде шаралар қабылдады.
Атап айтқанда, “Тобыл” МКК тарифтік сметаны дұрыс орындамауымен қатар, былтыр 79 млн теңге мөлшерінде амортизациялық аударым қаражатын мақсатсыз пайдаланған.
Тұрғындарға келтірілген залалды өтеу мақсатында “Тобыл” МКК алдағы қазан айынан бастап тариф мөлшерін 4 547,33 теңгеден 3 655,60 теңгеге, ал кәсіпкерлер үшін 5 784,14 теңгеден 4 649,87 теңгеге дейін төмендетін болды.
Сондай-ақ сумен жабдықтау тарифі 524,95 теңгеден 408,19 теңгеге дейін және су бұру қызметі үшін 266,08 теңгеден 234,84 теңгеге дейін азайтылды.
Осылайша, Тобыл кентінің екі мыңнан астам абонентінің, оның ішінде 87 кәсіпкердің құқықтары қорғалды деп хабарлайды облыстық прокуратура өкілдері.