Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Олжас Нұрғалиев ауа райының нашарлауына байланысты облысымыздың республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалыс шектеулі екенін айтты.
“Екі күн бұрын басталған боранның қаупі өңірде әлі сейілген жоқ. Бүгін сағат 11:00-дегі жағдай бойынша Ұлытау облысынан Арқалық қаласына дейінгі А-16 “Жезқазған – Петропавл” 252-335 шақырым аралығындағы, Сарыкөл селосынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі Екатеринбургк– Алматы тасжолының 686-729 шақырым аралығындағы жолдармен жүруге тыйым салынады. Әулиекөл-Жалдама (0-257 км), Әулиекөл-Диевка-Қосағал-Раздольное (0-130 км), Қараменді-Раздольное-Аралкөл (0-128 км), Загаринка ауылына кіреберіс (0-17 км) жолдарының да жабық екенін хабарлаймыз. Жолда әрдайым абай болыңыздар!”, – деп ескертті облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасның басшысы Олжас Нұрғалиев.