Бала өз ортасында жайлы сезінгенде ғана толыққанды білім алады

Бала өз ортасында жайлы сезінгенде ғана толыққанды білім алады

Білім күніне орай аутизм балаларға арналған  орталықта өткен  іс шарада “аутизм және басқа да психикалық бұзылулары бар балалардың күндізгі болу орталығының” психологы Марина Кимді әңгімеге тартқан едік. Маманның осы пікірін оқырмандармен бөліскенді жөн көрдік.

“Аутизм – адам миының дамуына әсер ететін нейробиологиялық бұзылыс. Аутизм спектріндегі балалардың әрқайсысының ерекше қабілеттері, қызығушылықтары және темпераменттері бар. Бұл балалардың ерекшеліктерін дұрыс түсіну – мектеп өміріндегі олардың бейімделуі мен білім алуына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі. Осы тұрғыда ерекше баланың айқын айырмашылықтарын түсіну, сонымен бірге оның ерекшелігін қоршаған ортаға дұрыс түсіндіру маңызды рөл атқарады. Мысқыл немесе түсінбеушілік салдарынан туындайтын мінез-құлық қиындықтарының алдын алу үшін, балалар арасында инклюзивтілікті қалыптастыру қажет”, – дейді маман.

Айтуынша, мектептегі ортада аутизммен ауыратын баланың қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту оның негізгі қажеттіліктерінің бірі. Әр бала өзін еркін сезініп, өз ортасында жайлы болғанда ғана толыққанды білім ала алады. Мектептер аутизммен ауыратын балаларға білім беруде ерекше тәсіл қолдануы керек, бұл жағдайда баланың қажеттіліктеріне бейімделген жеке оқу жоспары маңызды.

Айбол Өміртай

ҚӨУ студенті

Жаңалықтармен бөлісу