“Қостанай таңы” газеті ұйымдастырған “Иықтан шашы төгіліп жерге” фотобайқауы өз мәресіне жетті.
Байқауға 20-ға жуық өтінім келіп түскен. Оның ішінен талапқа сай 14 қыздың суреті таңдап алынды.
14-30 жас аралығындағы қыз-келіншектер қатысқан байқауда 1-орынды София Жолдыбай, 2-орын Әмина Базарбаеваға, 3-орын Сымбат Кенжеғали мен Карина Болатқызына бұйырды. Ал “Көзайым номинациясы бойынша Таңшолпан Қапсұлтан, Дария Бақыт иегері атанды.
— Байқау өте жақсы өтті. Әділқазылардың шешімінің нәтижесі бойынша 1-ші орын иегері болды. Ата баслымым саналатын газеттің жеңімпазы болам деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеді. Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Газет редакциясына толағай табыс пен жағымды жаңалықтар көп болуын тілеймін, — дейді жеңімпаз София.
Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен арнайы диплом берілді. “Сұлтан” сән салонының негізін қалаушы әрі директоры Мәлика Төлемісова, “Шаңырақ” ұлттық киімдер мен кәдесыйлар бутигі (ЦУМ) және Қостанайдағы белгілі қолөнер шебері Наталья Цхай демеушілік жасады.
Бейбіт НҰРМҰХАНОВ
Суреттерді түсірген Б. АХМЕТБЕКОВ