Жангелдин ауданындағы учаскелерде 15 бақылаушы жұмыс істеп отыр. Олардың қатарында таңнан бері сайлау процесін қас қақпай қадағалап отырған Кәмшат Бекхожина да бар.
– Таңғы сағат 7:00-де учаске ашылғаннан осындамыз. Мен “AMANAT” партиясының бақылаушысымын. Сайлау әділ, талапқа сай жүріп жатыр. Әзірге ешқандай құқық бұзушылық анықталған жоқ. №308 сайлау учаскесіне 630 адам тіркелген. Осы уақытқа дейін 400-ден астам адам дауыс берді, – дейді Кәмшат Бекхожина.