Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) басшылығымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар 20-дан астам ел, оның ішінде ҚХР, Үндістан, Иран, Оңтүстік Корея, Ресей Федерациясы, Түркия, Өзбекстан және т.б.  Трансазиялық теміржолдар желісі бойынша Үкіметаралық келісімді ратификациялау мәселесін талқылады.

Келісім халықаралық маңызы бар теміржол маршруттарын дамытуға және жолаушылар мен жүктерді халықаралық тасымалдау көлемін ұлғайтуға бағытталғаны атап өтілді.

Сонымен қатар, көлік министрлігінің басшысы мен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары/АТМЭӘК Атқарушы хатшысы Армида Салсия Алишахбана көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.

 

ҚР Көлік министрлігі

Жаңалықтармен бөлісу