Аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек баршаға белгілі.
Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) көрсетіледі.
АӘК отбасына оны өмірлік қиын жағдайдан шығару үшін кешенді қолдау көрсетуді көздейді.
Біріншіден, бұл 2 түрге жіктелген ақшалай төлем: шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Еңбекке қабілетсіз азаматтары бар отбасыларға шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі және олар үшін жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.
Шартты ақшалай көмек отбасы құрамында кемінде бір еңбекке қабілетті мүшесі жұмысқа орналасқан отбасыларға беріледі.
екіншіден, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар.
АӘК тағайындаудың барлық кезеңіне отбасымен әлеуметтік келісімшарт жасалады. Келісімшартты бұзу бүкіл отбасына АӘК төлеуді тоқтату және келесі алты айда АӘК тағайындаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
үшіншіден, аз қамтылған отбасылардан шыққан 1 жастан 6 жасты қоса алғанға дейін әрбір балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш (2025 жылы 5 898 теңге) мөлшерінде қосымша төлем беріледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылы АӘК беру тетігі ашықтықты, әділдікті, еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ету үшін қайта қаралды.
Осылайша, 2023 жылы АӘК-ті жалпы сомасы 1,6 млрд. теңгеге 3 964 отбасы немесе 17 160 адам алды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылар саны 10 247 адамды немесе 2 379 отбасын құрады. Мемлекеттік бюджеттен 1 169 млн. теңге төленді.
АӘК алушылар қатарында 2024 жылы 698 көпбалалы отбасы.
Біз АӘК алушылар санын жыл сайын төмендегенін байқаймыз.
2023 жылмен салыстырғанда АӘК алушылар саны 1 585 отбасына немесе 40% азайды.
АӘК-тің басты мақсаты еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тарту, еңбекке ынталандыру арқылы кедейліктен шығару болып табылады.
Мәселен, ағымдағы жылы шартты ақшалай көмек алушылар қатарындағы 2 299 еңбекке қабілетті АӘК алушының 1 445 мыңында жұмысы бар, 680-і – күтім жасайтын адамдар, 147 адам – жұмыссыздар.
Әлеуметтік келісімшарт енгізудің нәтижесінде 530 еңбекке қабілетті адам немесе шараларға мұқтаждарың 100% жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
Бұдан басқа, облыста жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша әлеуметтік көмек көрсету жалғасуда.
Бұл көмек түрлерін көрсету қағидаларын 18 көмек түрін қамтитын қалалар мен аудандардың мәслихаттары әзірлейді және бекітеді, оның ішінде: өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарға біржолғы көмек, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, Чернобыль апатының зардаптарын жоюшыларға, Семей ядролық полигонындағы сынақтарға қатысушыларға мерекелік күндерге төлемдер және басқалар.
2024 жылы бұл әлеуметтік көмек 1,5 млрд. теңгеден астам сомада 14 520 азаматқа төленді.
Биыл осы көмек түрлерін көрсету жөніндегі жұмыс жалғасады.