Ауыл жатыр той жасап, ат шаптырып…

Ауыл жатыр той жасап, ат шаптырып…

Торғайдағы дүбірлі той түстен кейін аламан бәйгемен жалғасын тапты. Кейін қазақтың ұлттық спорты көкпар ойыны өтті. Халықтың делебесін қоздырған ат спорты өте тартысты болды.


Ат бәйгесінен амангелділік тұлпар алдына қара салмады. Көмбеге екінші болып Көкалат ауылынан келген жүйрік келді. Үшінші орын торғайлық қылқұйрыққа бұйырды. Жеңімпаз шабандозға 500 мың, екінші болып мәре сызығын кеске жүйрікке 300 мың, ал үздік үштікті түйіндеген жүйрікке 200 мың теңге бұйырды. Жалпылама көкпарда да көп салым салған балуандар сый-сияпатсыз қалмады.
Толығырақ газетіміздің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.

Жандос ЖҮСІПБЕК

Суреттерді түсірген Бейбіт Мейрамұлы

Жаңалықтармен бөлісу