Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі

Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі

Өңіраралық форум өткізу шекараларды кеңейту және ауыл шаруашылығын дамыту саласында одан әрі ынтымақтастықты қалыптастыру үшін маңызды оқиға.Біз үшін аграрлық-өнеркәсіптік аймақ ретінде бұл іс-шараны Қостанай облысының аумағында өткізу стратегиялық маңызды.  Өздеріңіз білетіндей, Қостанайдың географиялық жағдайы біздің өңірдің көлік-логистикалық инфрақұрылымның аграрлық-өнеркәсіптік кешенін дамыту үшін рөлін айқындайды.
Соған қарамастан, Қостанай облысы АӨК саласының жай-күйіне климаттық өзгерістер әсер ететін қауіпті егіншілік аймағына жатады.

Климат мәселесі  — шағын фермерден бастап, ірі ауылшаруашылық құрылымдарының барлығына әсер етті. Осыған байланысты, бүгінгі өңіраралық Форум Қазақстан мен Ресейдің маңызды диалог алаңына айналады. Онда мемлекеттік органдардың, бизнесмендердің, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен кең форматта екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті және жаһандық мәселелерін талқылайды. Бүгін күн ішінде панельдік сессиялар мен алаңдар жұмыс істейтін болады.

Ресей-Қазақстан өңіраралық форумы дәстүрлі түрде жоғары табыспен өтетінін ескере отырып, екі елдің мемлекеттік органдары мен компаниялары әріптестік байланыстар желісін кеңейтуге мүмкіндік алады, жаңа бірлескен жобаларды анықтай алады. Өз тарапымыздан біз форумның жоғары деңгейде өтуі, Ресей-Қазақстан қатынастарының дамуына, елдеріміздің өңірлері арасында жаңа іскерлік байланыстардың пайда болуына қызмет етуі үшін барлық қажетті күш-жігерімізді саламыз.

Құмар АҚСАҚАЛОВ

Қостанай облысының әкімі

Жаңалықтармен бөлісу