Дәлірек айтқанда, «Қазгидромет» 24-28 мамыр аралығында ауа райының республика бойынша апаттық жағдайда құбылатынын хабарлады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің телеграм арнасы жазды.
Мәселен, бүгін Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтілуі ықтимал. Түнде, таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады дейді ауа райын болжаушылар. Солтүстік-батыстан соққан жел облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жетуі мүмкін. Бұл жағдай облыс орталығында қатар жүреді.
Ал облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталатынын ескере кеткен жөн.
26 мамырға қараған түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысы, солтүстігінде шамамен 2 градус үсік өтеді. Соған байланысты келесі күні ауада 1-6 градус үсік сақталады.