Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев облысымыздағы жағдайға байланысты түсініктеме берді. – Жәндіктердің шабуылын болжау мүмкін емес, бірақ ведомство уақытында әрекет етті, – деді министр. Министрдің мәлімдеуінше, желіде тараған бейне шындыққа жанаспайды. Адамдарды адастыру үшін әдейі жасалған әрекет.
Жеті жасында топ жарған
Қостанайлық жас шахматшы Иман Набиевтің есімі қысқа уақыт ішінде күллі республикаға танылып үлгерді. Былтыр күзде ерлер арасындағы классикалық шахматтан Қостанай облысының чемпионатында жеті жасар Иман қол жүлдегер атанды. Сол кезде ересектер арасындағы шахмат турнирінде баланың жүлделі орынға ие болуы облыс тарихындағы ерекше оқиға деп бағаланды. Бағы жанып, бабы келіскен баланың бұдан да бөлек жетістіктері жетерлік. […]
Саламатты өмір зиянды әдеттен қорғайды
Орталық стадионда өткен кезекті ойын алдындағы нашақорлыққа қарсы акцияға мың жарымнан адам қатысты. Еріктілер жиналғандарға синтетикалық есірткіні қолданудың салдары туралы ақпарат таратқан болатын.