Құрметті қазақ елінің тұрғындары! Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика егемендігінің декларациясы қабылданған күнімен құттықтаймын!
1990 жылы 25 қазанда қабылданған декларация тәуелсіздігімізге аяқ бастырған алғашқы құжат еді.
Бұл мерекенің қайта жандануы – мемлекетіміздің дәстүрінің қайта жаңғыруы деп билеміз.
Осы мерекеде Қазақстан халқының достығы, төзімділігі, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүддесі мейлінше насихатталып, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын факторлар әлемге паш етілуі тиіс.
Республика күнін тойлау бұл саяси мейрам.
Сондықтан осы күні Қазақстан елі, жері, рәміздері, конституциялық басқару туралы қысқаша деректер кенинен таралу керек.
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, босдандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда.
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге, отбастарынызға игілік пен бақыт, бақ – дәулет, ырыс тілеймін.
Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!
Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымды білдіремін.
Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын!
Бұл күн – ата – бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.
Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.
Қайта жаңғырған Республика күні – халқымызды рухтандырып, еңсемізді тік ұстатар маңызды мереке. Баршамызға құтты болсын! “Егемен болмай, ел болмас” деген терең ұғымды жадымызда ұстап, бірлікте өмір сүрейік. Мереке құтты болсын, ағайын!
Ғайния Есеева,
Ауыл ХДПП өңірлік филиалының төрайымы