Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: – «Қазпошта» өзінің дамыған инфрақұрылымы арқылы шағын және орта бизнесті қолдауда айрықша рөл атқарып отыр»,– деп атап өткеніндей іргелі ұжымның қашанда халыққа көрсетіп отырған қызметінің маңыздылығы зор. «Қазпошта» қызметкерлерінің 30 жылдық мерейтойы мен Дүниежүзілік пошта күнін арқалықтық әріптестері де атап өтті.
Ұзақ жылдардан бері осы салада жемісті жұмыс істеп келе жатқан «Қазпошта» АҚ Арқалық қалалық филиалы басшысының орынбасары Тұрсынкүл Зайытоваға, операторлар Айгүл Қабденова мен Айгүл Бажухинаға, көлік жүргізушісі Рамил Дармахановқа «Құрмет грамоталары» табысталды.
“Осы салада үлгілі еңбегімен көрініп жүрген пошта қызметкерлеріне сый-сияпат көрсетіп, марапаттауды жыл сайын ұйымдастырып келеміз. Бүгінде бұл салада қала және қалаға қарасты ауылдық мекендерді қосқанда 57 адам қызмет жасайды. Алдағы жылы қалалық пошта ғимаратына жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр”, – дейді филиал басшысы Айна Тасқожақызы.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы