Арқалық қаласындағы Маясова көшесі №17 үйдің бірінші подьез тұрғындары 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін аулаға самаурын қайнатып, дастарқан жайып, ерекше көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.
Әр ұлттың өкілдері: қазақ, орыс, татар ұлттарының азаматтарыбірлікті ту етіп, дастарқан басында аула тазалығын сақтау, гүл егіп абаттандыру жайында сөз қозғады.
Ауланың үлкені Күләш апа жастарға батасын берді.
Көптің қызығушылығын тудырған көршілер ауладағы барлық кішкентай балаларға тәттілер таратып, ынтымақтың ерен үлгісін көрсетті.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы