Арқалық аумақтық ветеринарлық станциясы мемлекеттік бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарының иттері мен мысықтарына екпе жасап беріп жатыр.
Көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар адамдарға, жалғызілікті зейнеткерлерге тегін көмек беріледі.
«Құтыруға қарсы екпе жасап, чип салып, эхинококкозға қарсы ішкізетін дәрілерін беріп жатырмыз. Екпеден кейін жыл бойы иммунитет сақталады.Чип дегеніміз – үкіметтің жаңа заңымен жануарларды есепке алу. Ол бір рет салынады да өмір бойы сақталады. Мәліметтер сканермен оқылады. Кез келген уақытта ит немесе мысық жоғалып кетіп жатса, біз оны осы чип арқылы иесіне анықтап беретін боламыз», – дейді облыстық ветеринарлық басқарманың бас маманы Боран Бекенов.
Үй жануарларына екпе салу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Қазіргі уақытта 72 бас ит пен мысыққа екпе салынды.
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы