31 мая, 2025
Арқалықтың орталығынан өрт шықты

Арқалықтың орталығынан өрт шықты

Бүгін түнде Арқалық қаласындағы орталық саябақтағы киіз үй өртенді. Киіз үй орталық саябақтың келушілеріне дәмхана ретінде жабдықталып, қызмет көрсетіп келген.

Тұтанған өртті сөндіруге қостанайлық құтқарушылар ат салысқан. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша өрт 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Қостанай облыстық ТЖД

@kostanay_news_10