Арқалық педагогикалық институты жаңа кейіпке енбек

Арқалық педагогикалық институты жаңа кейіпке енбек

Арқалық педагогикалық институтының елу жылдан астам тарихы бар. Торғай өңірінің білімі мен ғылымының үлкен қарашаңырағы. Бұл жер білім беретін мекеме ғана емес, ғылыми зерттеулермен айналысатын ұйым әрі қаланың әлеуметтік дамуына серпін беретін орталық ретінде  танылмақ. Жалынды жастардың болашақта парасатты азамат болып қалыптасуына тікелей атсалысатын жауапты ордаға айналады.

“Біздің стратегиямыз – болашақтың көшбасшы педагогтерін қалыптастыру. Қазіргі күнде педагоикалық институттың корпусын жақсартып, ғимараттың ішін ғана емес, сыртқы мазмұнын, атап айтқанда, білім беру бағдарламаларымен қатар білім ошағының инфрақұрылымдарын кеңейту, жаңарту, жақсарту бағытында  көптеген жұмыстар атқарылуда»,” – дейді Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының басқарма төрағасы – ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ержан Әмірбекұлы.

Соның бірі  – институттың сыртқы келбетін әсемдеу.

“Бұл нысан біраз уақыттан бері жөндеуді қажет етіп тұр.  Төбе – шатырының  су ағатын жерлерінің бәрін бітеп, түзеп-жөндеп қалыпқа келтірудеміз. Мұндағы мақсатымыз: біріншіден – әсемдеу арқылы қаламыздың көркін келтіру, екіншіден – институтта жұмыс істейтін және білім алып жатқан азаматтардың білім ордасына келгенде көңілдері көтеріліп, білімге деген құштарлығы артса деген ниетіміз бар”, – дейді оқу-орын басшысы.

Бүгінде тендрді ұтып алған компания жұмыстарын өте белсенді жүргізу үстінде. Ол мердігер компания  Қарағанды қаласынан. «Эра – сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

“Қыс мезгілі тақап қалғандықтан, біз оларға құрылысты сапалы әрі мүмкіндігінше тезірек күн жылы кезінде бітіріп берсе деген өтінішімізді айтып жатырмыз», – дейді  институт ректоры.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суреттерді түсірген автор

                                                                                             Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу