Арқалық қаласында таяуда ашылған «Теннист спорт залында» жасөспірімдер, қыздар және ересектер арасында алғаш рет үстел теннисінен «TIGER» кубогі үшін жарыс өтті.
Жарысқа қала және ауыл мектептерінің оқушылары қатысты.
Жарыстың бас демеушісі – жеке кәсіпкер Олжас Нұржанов.
«Мектебімізде шаңғы және үстел теннисінен облыстық жарысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген балалар баршылық. Былтыр кіші тобымыз футболдан қала әкімінің кубогінде 2-ші орынды иеленді. Осы жарысқа да үкілеген 4 оқушымызды әкелдік. Қалада сәулетті жаңа спорт залдың қолданысқа берілуі біз үшін де өте қуанарлық жағдай», –дейді Жалғызтал ауылының Т. Әубәкіров атындағы негізгі мектептің оқу ісінің меңгерушісі Нұрлыбек Нұржанұлы.
Іс-шара барысында ұйымдастырушылар оқушылар арасында «Тор – Spin» клубы атынан лотерея ойнатылып, ұтыс иелеріне спорттық формалар, теннист ракеткалары сияқты бағалы сыйлықтарды тарту етті.
Жас спортшылардың өңірде спорт түрлерінің өрістеуіне қамқорлық танытып отырған ел ағалары мен демеушілерге деген айтар алғыстары шексіз.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы