15 июня, 2025
Арқалықта Президенттік жастар кадр резервіне қатысу жолдары түсіндірілді

Арқалықта Президенттік жастар кадр резервіне қатысу жолдары түсіндірілді

2025 жылдың 1 маусымынан бастап елімізде Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады.

Қала әкімдігінде өткен жиында оның жай-жапсары әр салада қызмет жасап жүрген жас мамандарға кеңінен мәлімделді.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Арқалық қаласы әкімі аппаратының кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы Альмира Адельянова айтып өткендей Іріктеу бірнеше кезеңді қамтиды. Яғни, 2025 жылдың маусым-қазан айлары аралығында Резервке үздік 50 кандидат іріктелетін болады.

Жиында жастарға Президенттік жастар кадр резервіне қалай тіркелуге болатынын нұсқайтын бүктемелер таратылып берілді.

«Тіркеу кезінде қатысушылар алты салалық бағыттың бірін таңдауы керек. Олар: «Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты», «Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау», «Сыртқы саясат және инвестициялар», «Экономикалық және қаржылық саясат», «Цифрландыру», «Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам». Тіркелу барысында сұрақтар туындаған жағдайда бүктемеде көрсетілген қолдау қызметіне немесе электрондық поштаға хат жолдау арқылы жүгіне алады. Уақытты босқа жіберіп алмау керек. Бұл жастарға беріліп тұрған үлкен мүмкіндік», – дейді Альмира Болатқызы.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген  автор

Арқалық қаласы