Ата Заңымыздың мерекесі – барлық қазақстандықтар үшін ерекше маңызды. Азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалып, жан-жақты процедураларға қол жеткізілді. Айтулы күннің құрметіне Ата Заңымыздың қоғамдағы осы орнын таныта түсу үшін қаладағы мәдени ошақтар арнайы көрме ұйымдастырды.
Онда ежелден келе жатқан «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы» және «Әз Тәукенің жеті жарғысынан» бастау алған барлық ежелгі заңдар жинақталған. Ата Заңымыздың тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен дамуы туралы түсіндірме кітаптарымен толықтырылған.
Мереке көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты. Қала әкімі Әмірхан Асанов еңбек озаттарына құрмет грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.
«Халқымыздың заң үстемдігіне адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге ұмтылыс төл тарихымызда айқын көрініс тапқан. Озық әлемдік тәжірибені саяси және ұлттық дәстүрлерді арқау еткен Қазақстан Конституциясы халқымыздың бірлігі мен тәуелсіздігінің берік негізі болып саналады. Бұған ауылдық округ әкімдерінің халықпен сайлауының, ашық әрі халыққа есеп беретін көппартиялы мәслихаттың құрылуы жарқын мысал бола алады”, – деген лебізін айтты.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суреттерді түсірген автор.
Арқалық қаласы