Арқалықта елу пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды

Арқалықта елу пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды

Шақшақ Жәнібек көшесі бойында елу пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Мердігер – елімізге кеңінен танымал «Базис – А» құрылыс компаниясы.

«Құрылыс мемлекет басшысының «Елге көмек» бастамасы негізінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналып салынып жатыр. Бұл үйде көлемі 70-80 шаршы метрлік 3 бөлмелі пәтерлер болады. Бес қабатты, екі кіреберісі бар үй болады деп жоспарланып отыр», – дейді қалалық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Өміржан Әбдібеков.

Қазіргі уақытта құрылыс орны белгіленіп, аумағы қоршалып, техника және қол күші тартылып, құрылыс материалдары жеткізілу үстінде.

Мамандардың айтуынша, ауласы заманауи үлгіде абаттандырылатын, тұрғындарға қажетті барлық игіліктермен қамтылатын жаңа үйдің құрылысы қыркүйек айының басында аяқталып, пайдалануға берілмек.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Жаңалықтармен бөлісу