12 июня, 2025
Арқалық қазақ жасөспірімдер театрына шағын автобус сыйға тартылды

Арқалық қазақ жасөспірімдер театрына шағын автобус сыйға тартылды

Өнер ұжымына  заманауи көлікті еліміздің автокөлік нарығындағы жетекші компания «Астана Моторс»  тарту еткен. Компанияның негізін қалаушы – белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұлов.

Бұл игілікті іске ҚР Мәдениет министрі қызметін атқарған, «Қазақстанның еңбегі сіңірген мәдениет қайреткері» Дүйсен Қорабайұлы мен жерлесіміз, белгілі меценат Сапар Ысқақұлы себепкер болған.

Темір тұлпарды табыстау салтанатына қатысқан Дүйсен Қорабайұлы мен Сапар Ысқақұлына және «Астана Моторс» компаниясының өкіліне ел атынан құрмет көрсетіліп, Қостанай облысы әкімінің, Арқалық қаласы әкімінің «Алғыс хаттары» табыс етілді.

Мұрат Жүнісұлы

Арқалық қаласы