Арқа ауылындағы демалыс үйі жуырда пайдалануға беріледі

Арқа ауылындағы демалыс үйі жуырда пайдалануға беріледі

Бұл орталыққа ауылдың әкімдігінен бастап, халыққа адал қызмет көрсететін елді мекеннің барлық мекемелері шоғырланбақ.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр мәдени нысанның іргетасы қаланып, қабырғалары, ішкі бөліктері, шатыры, терезелері салынған болатын. Барлығы 286,2 млн теңге игерілгенін хабарладық. Жуырда құрылыс толық аяқталып,  халық игілігіне берілгелі тұр.

– «Ауыл ел – бесігі» жобасы аясында Арқа ауылында 120 орындық демалыс үйін салу бойынша екі жылдық жоба іске асырылуда. 542,7 млн теңге болатын жоба да жыл аяғында тапсырылады деп жоспарлануда, – деді бұл туралы Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

 

Жаңалықтармен бөлісу