Қостанай облысының арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Облыстың қалалары мен аудандарындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында арнайы секторлар үшін жаңа жұмыс кестесі құрылды.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 1 шілдесінде елімізе 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдерді қабылдау аяқталады.
Осыған байланысты заңдастыруға қатысатын еліміздің арнайы ХҚКО-ларын уақытша күшейтілген жұмыс режиміне көшіру туралы шешім қабылданды.
Олар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00 – ден 19:00 – ге дейін (құжаттарды беру-20:30-ға дейін), сенбіде-9:00-ден 18:00-ге дейін (құжаттарды беру-19:30-ға дейін) қабылдайды.
Мұндай жұмыс кестесі тек автомобильдерді заңдастыруға қолданылады. Жүргізуші куәлігі стандартты кесте бойынша беріледі.