«Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеген» жан әрине ана. Ана – қасиетті жан. Қазіргі қоғамда жиі кездесетін мәселелердің бірі ол жалғызбасты ана мен көпбалалы аналардың құқықтары әрі мәртебесі. Қайда барсақта қоғам ортасында көзге түсетіні тастанды бала, ішкіш ата-ана, зәбір көрген жасөспірім жиі кездеседі. ҚР өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері, әр бағытта Заңдар шығарып келеді, бірақ бұл заңдардың пайдасы шамалы сияқты, себебі жалғызбасты аналардың құқықтары әрі мәртебесіне бұл аз. Мемлекеттің басты қазынасы ол адам. Осы мемлекеттің қазынасына үлес қосып жүрген жандардың бірі ол ата-ана, сол үшін көпбалалы аналардың және жалғызбасты ана мен әкенің де құқықтары мен мәртебелерін көтеру керек. Заман талабы ма, әлде қоғамның өзгергені ме? Жылдан жылға өмір сүру қиындап барады.
Осы көпбалалы ана дегенде, ойға бірден ата-әжелеріміз түседі, себебі Кеңес үкіметі кезінде көпбалалы әжелеріміз көп болған, әр шаңырақта аз дегенде 7-8 бала, көп дегенде 10-12 баладан. Сонда мынадай сұрақ туындайды “неге қазіргі жастар осылай бала тумайды?”. Осы мәселеге мән беру үшін біз қоғам ортасына шығып адамдардан жауап іздедік, оқушылар мен студенттерден электронды сауалнама алдық. Сондағы естігеніміз, болашақ та көбісі көпбалалы болғысы келмейді, жалғызбасты ана немесе әке дегенде қорқыныш, үрей тудырады екен. Сондықтан, мемлекет тарапынан әлі де қоғамдағы осындай адамдардың құқығын, мәртебесін көтеру және жағдай жасалуы керек екендігін түсіндік.
Өзіміз тұрып жатқан қаламыздың өзінде жалғызбасты аналар мен әкелер, көпбалалы аналарымыз бар. Кейбір осындай деңгейдегі аналарымызбен кездесіп жағдайларын сұрап, әлеуметтік көмек жасап, аз да болса үлесімізді қостық. Сонда көзімізбен көрген, ішті өртейтін өкінішті жағдайларға да куә болдық. Қазір телеарналардан, әлеуметтік желілерден осындай деңгейдегі ата-аналарға блогерлердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың, кәсіпкерлердің жаны ашып, көмек қолын созып жатқанын да жиі көріп жатамыз. Осы орайда, көп балалы аналарға мемлекет те жан-жақты көмек берсе екен дейміз. Өйткені, мемлекет халықсыз, халық мемлекетсіз өмір сүре алмайды. Сол үшін мемлекетіміз өзінің қазынасы халқына көңіл бөледі деген үміттеміз!
У.БАЙТИКЕНОВА,
С.Мәуленов атындағы гимназиясының тарих, құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі.
Елнұр Төкен,
9 «А» сынып оқушысы.