1916 жылғы көтерілістің мыңбасы болған Әбіш Рысбаевтың естелігі табылды

1916 жылғы көтерілістің мыңбасы болған Әбіш Рысбаевтың естелігі табылды

Өзімізді өзіміз тануда да, өзгелерге танытуда да төл тарихымызды білу, оның ащысынан сабақ алу елеулі роль атқарады. Облыстық мұрағаттан 1936 жылы Аманкелді Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысының 20 жылдығына байланысты ұйымдастырылған арнайы экспедиция материалдары табылды. Солардың біреуін оқырмандар назарына ықшамдап ұсынып отырмыз.
Әңгімені айтушы 1916 жылы көтерілісте мыңбасы болған Әбіш Рысбаев, жазып алған – Оқас Оспанов. Бұл тарихи дерек латын қарпімен жазылған екен. Оны бүгінгі әріпке түсіріп, баспаға дайындаған А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақып.

Редакция

«Қазақ бұқарасы патшаға қарағанда біздің Торғай көлеміндегі Арғын, Қыпшақ руының Шақшақ Жәнібек деген тарханының жандаралдармен келісімі болған екен. Келісім бойынша қазақтың жер мен суға, мал мен басқа иелігі, билігі өз еркінше болмақ, алым-салық белгілі мөлшермен, түтін салық 5,80 тиыннан алынбақ. Қазақтан соғыс жұмысына кісі алынбайды. Ал, қазақ патшаға қарағанынан кейін біздің Торғай көлемін Мұқан төре, Сүлеймен төре деген правительдер билеген екен. Бұл төрелердің қазақ бұқарасына көзқарасы, билік жүргізуі келісімге сай емес, екінші түрде болған. Қазақты жер мен судың иелігінен қаға бастаған. Алым-салықты шамадан артық алған. Мысалы, түтін салығы алғашқы патша келісімі бойынша 3 сом 80 тиын болса, іс жүзінде бұл 10,15 сом болған…».

Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Жаңалықтармен бөлісу