Бүгін түнгі сағат 2-лер шамасында Мойылды өзені асып, Аманкелді ауданы Ақсай ауылының ойдағы бірнеше үйі су астында қалды.
Бұған дейінгі аудан басшыларының шұғыл ескертуіне байланысты елді мекеннің тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшірілген.
Дегенмен сол өңірдегі меншікті тілшіміз Айбек Таңатбаев сол маңайдағы тасқын қаупінің әлі де сейілмей тұрғанын айтып отыр.
“Мал-жанын ауылдың адамдары өз беттерінше құтқарып жатыр. Су басқан үйлердің саны сағат сайын өсіп барады. Өзен сағасынан асқан су жайыла түсіп, қарқынынан қайтар емес”, – дейді Айбек Таңатбаев.