30 мая, 2025
Аманкелді ауданында ахуал тұрақталып келеді

Аманкелді ауданында ахуал тұрақталып келеді

Соңғы мәлімет бойынша, судың деңгейі 20 сантиметрге дейін түскен. Соған қарамастан, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, жергілікті атқарушы орган, жедел штаб жұмысты одан әрі жалғастырып жатыр.
Олар волонтерлердің көмегін үздіксіз қабылдауда. Дәл қазір су басқан қыстақтар мен ауыл аймақтардан 310 адам эвакуцияланды. Соңғы түскен дерек бойынша, Байғабыл ауылында 34 үй суға кетті деген хабар жетіп отыр. Апатты аумақтарға арнайы құтқару жасақтары жіберілген.

https://www.youtube.com/shorts/4HDuOsJ-iIY

https://youtu.be/cD3hGj0o0qg

Айбек Таңатбаев