Аманкелді – 150. Нұрлан Есенқұлов айтыстың бас жүлдесін жеңіп алды

Аманкелді – 150. Нұрлан Есенқұлов айтыстың бас жүлдесін жеңіп алды

А.Имановтың 150 жылдығына арналған “Ардагер Аманкелді – ердің ері” атты республикалық айтыс аяқталды. Бас жүлдені жеңіп алған шымкенттік ақын Нұрлан Есенқұловқа автокөліктің кілті табыс етілді.

“Ұлдарының қолына құрық берген,
Қыздарының бойына қылық берген.
Ассалаумағалейкум, Аманкелді
Ұлдарын дәріптеуді ғұрып көрген…”, – деп сөз бастаған Нұрлан финалда ақтөбелік Жұлдыз Қожабековамен айтысты. Ал Қостанай облысының намысын қорғаған Батырлан Сағынтаев бірінші орынды иеленді. Ол финалда Сыр елінен келген Мұхтар Ниязовпен сөз сайысына түсті. Қарсыласы екінші орын алды. Сондай-ақ екінші жүлде астаналық Әсем Ережеқызына да бұйырды.

Үшінші орын Алматы облысынан келген Шұғайып Сезімхан мен Ақтөбе облысының үміті Жұлдыз Қожабековаға берілді.

Аманкелді ауданында өткен мерейтой думаны туралы газетіміздің алдағы санынан оқыңыздар.

Жаңалықтармен бөлісу