Тасқын судан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына Алтынсарин ауданының өкілдері де өз үлестерін қосып жатыр. Осыдан бірнеше күн бұрын ауданда еріктілер штабы құрылды.
Соңғы екі тәулікте бұл жердегі жұмыстардың қыза түскені байқалады.
“Үлкен Чураков ауылынан жүзге тарта ерікті жиналып, инертті материалдар дайындады. Олардың құрамында еңбекке өз қалауымен араласқан ауыл тұрғындары мен мемлекеттік қызметшілер болды. Бүгін кешке жүз адам Қостанай ауданына аттанып, ол жақтағыларға көмек көрсетеді. Ауданның елу адамы Қостанай ауданының эвакуацияланатын тұрғындары үшін 1,5 мың орын әзірледі”, – деді аудандық ішкі саясат бөлімінің өкілдері.
Алтынсарин ауданы