“Алтын” алқа, “Күміс алқа” иелері марапатталды 

“Алтын” алқа, “Күміс алқа” иелері марапатталды 

Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңіріміздегі қыз-келіншектерді, ақ жаулықты аналарды мерекелерімен құттықтап, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” төсбелгілерін табыс етті.

“Бұл мерекенің көктемнің алғашқы күндерінде аталып өтуінде үлкен мән бар. Сіздердің нұрлы жүректеріңіз бойларыңызда соғып, әлемді гүлдендіре түседі. Аналардың жүрегіндегі шексіз мейірім күннің сәулесіндей жылытып, әр шаңыраққа шаттық сыйлайды. Асыл ана, ардақты жар, инабатты қарындас, сүйікті ару қыздарымыз жан-жағымызды үнемі түрлендіріп тұрады. Бұл кездесуге өңіріміздің дамуына үлес қосқан еңбек ардагерлері, көп балалы аналар, шығармашылық өкілдері, басқа да мамандық иелері қатысып отыр. Түрлі салада еңбек етіп, табыстың кілтін тауып, биік белестерді бағындырған жандарсыздар. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен асыл жандарға айтар алғыс шексіз. Ошағымыздың ұйытқысы. Береке бірлігіміздің алтын діңгегіздер”, – деді облыс әкімі.

Өңір басшысының айтуынша, облысымызда осы күнге дейін алты мыңнан астам осындай зор құрметке ие болып, “Алтын”, “Күміс” алқа таққан. Бүгін сондай қошеметке бөленген көп балалы аналардың бірі Қалия Бөкеева сегіз баланың анасы.

“Бүгін әйелдердің мейрамы болып жатыр екен. Мен үшін өте қуанышты күн. Балаларымның арқасында алтын алқа алып жатырмын. Сегіз баламның бәрі өсті. Қыздарым түгел тұрмысқа шықты. Ұлым үйленгелі жатыр. Балалар жайлы айтар болсам, өмірдің қуанышы мен қызығы. Жас аналарға айтарым көп балалы болыңдар! Өмірге бала келген сайын, қуанышың көбейеді. Ғұмырың ұзарады. Бала өскенше ғана қиналасың, өскеннен кейін сені бағады. Әрқашан жақсылықтарымен сені қуантып отырады”, – дейді Қалия Бөкеева.

“Күміс алқа” иегері атанған Жүзгүл Жәнібекова бес ұл мен өрімдей қыз тәрбиелеп отырған ардақты ана. 2009 жылдан бері “Қазақтелеком” АҚ-да жұмыс істейді. Бүгінде бала күтіміне байланысты демалыста.

“Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік – береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілеймін”, – дейді Жүзгүл Сапарғалиқызы.

Мерекелік іс-шараға әр саланың ардагерлері мен құрметті ханымдары жиналды. Солардың бірі педагогика саласында қырық жылға жуық еңбек етіп келе жатқан Айкен Исмағұлова. Бір қызығы ардақты ұстаздың алғашқы мамандығы медбике болыпты.

“Балалармен жұмыс істегенді жақсы көріп, түрлі қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырғанды жақсы көруім осы мамандыққа алып келді”, – дейді Айкен Қозыкенқызы.

Әсте оған өкінген емес, керісінше осы жылдарын мақтан тұтады. Қазіргі таңда ол педагог зерттеуші.

“Біраз жетістіктеріміз бар. Отызыншы орта мектебінің талай түлектері жоғары белестерге жетіп, жақсы маман болғаны өте қуантады. Көктем күні бәріміз де қуаныштымыз. Құттықтап жатқандарға рақмет. Әйелдерге ең алдымен денсаулық пен күш-қауат тілеймін”, – дейді айтулы меркенің құрметті қонағы.

Ең бірінші мұғалімдік қызметін ауыл мектебінен бастаған ол Қостанайдағы отызыншы мектепте оқу жөніндегі директордың орынбасары.

Дәстүрлі марапат облыстық көркемөнерпаздар ұйымдарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Айбек ҒАЛЫМҰЛЫ

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев 

“Алтын алқа” алғандар:

Аязбаева Анара

Ишанханқызы

Әулиекөл ауданынан

33 жаста

7 баланың анасы

 

Бөкеева Қалия

Нұрахметқызы

Қостанай ауданынан

64 жаста

8 баланың анасы

 

Вагина Наталия

Викторовна

Ұзынкөл ауданын

58 жаста

8 баланың анасы

 

Гедюн Александра

Александровна

Қамысты ауданынан

Жеке кәсіпкер

37 жаста

7 баланың анасы

 

Есмурзина Ақмарал

Амаржанқызы

Қостанай ауданынан

48 жаста

7 баланың анасы

 

Құсайынова Гүлмира

Байтусынқызы

Әулиекөл ауданынан

38 жаста

7 баланың анасы

 

“Күміс алқа” алғандар:

Әбішева Динара

Ахметкерейқызы

Алтынсарин ауданынан

34 жаста

6 баланың анасы

 

Бейсенова Индира Әмірбекқызы

Бейімбет Майлин ауданынан

Балабақшада тәрбиеші-әдіскер

39 жаста

6 баланың анасы

 

Беккер Жанна

Васильевна

Қарасу ауданынан

43 жаста

6 баланың анасы

 

Жәнібекова Жүзгүл

Сапарғалиқызы

Қостанай қаласынан

39 жаста

6 баланың анасы

 

Жиентаева Ақбала

Русланқызы

Қостанай қаласынан

32 жаста

6 баланың анасы

 

Зеленцова Кристина

Сергеевна

Жітіқара ауданынан

32 жаста

6 баланың анасы

 

Кәкенова Жансая

Маратқызы

Арқалық қаласынан

32 жаста

6 баланың анасы

 

Қалиева Ажар

Серікқызы

Қостанай ауданынан

Бөбекжайда тәрбиеші

30 жаста

6 баланың анасы

 

Көшкенова Дәмелі

Болатқызы

Қостанай ауданынан

34 жаста

6 баланың анасы

 

Курынова Татьяна

Александровна

Қостанай қаласынан

55 жаста

6 баланың анасы

 

Мағзұмова Марал

Далабайқызы

Аманкельді ауданынан

34 жаста

6 баланың анасы

 

Мизанова Гүлзира

Құрмантайқызы

Рудный қаласынан

37 жаста

6 баланың анасы

 

Мұқанова

Гүлдана

Қонысқызы

Арқалық қаласынан

Қалалық әлеуметтік қорғау бөлімінде әлеуметтік қызметкер

34 жаста

6 баланың анасы

 

 

Жаңалықтармен бөлісу