Аманкелді ауданындағы Алтыбас қыстағының тұрғыны Айман Ахметова аудан азаматтары мен құтқарушы топқа алғысын жаудырып жатыр.
Ол ауылда бірнеше күн бойы байланыс болмай, үйін су басып жатқанын енді жеткізген еді. Апаттан аман-есен құтқарылған қария қазіргі уақытта шаруашылықта ұлы малына ие болып қалғанын айтып отыр.
“Халық, сабырлы болайық, ешқашан саспайық! Әрқашан да сабырлылық жеңеді. Бүгін гуманитарлық көмек келіп жатыр. Еліме, жастарға рақмет, бақытты болыңдар! Енді мұндай зауал болмасын, еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!” – дейді Айман Ахметова.
Дәл қазір аудан орталығында өз жұмысын бастаған жастардың волонтерлік штабы жан-жақтан гуманитарлық көмек қабылдап, су құрсауында қалған осы қыстақтар мен ауылдарға азық-түлік жөнелту қамымен жүр.