“Құқықтық тәртіп” жедел алдын-алу шарасы барысында Тобыл қаласындағы патрульдік полиция қызметкерлері 2017 жылдан бері автокөлікті басқаруға құқығы жоқ 34 жастағы “Мерседес” жүргізушісін ұстады деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.Жүргізуші мас күйінде болды. Тоқтаған кезінде жүргізуші алдыңғы жолаушылар орындығына ауысып, өзін жолаушы секілді көрсеткен. Алайда көлікте одан басқа ешкім болмапты.
Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Ал жүргізушіні Қостанай аудандық соты 20 тәулікке әкімшілік қамауға алды.
Қостанай полицейлері “Құқықтық тәртіп”операциясы басталғаннан бері мас күйінде рөлге отырған 25 адамды анықтағанын айта кетейік.