Ахмед Эль-Мессауди – «Тобыл» ойыншысы

Ахмед Эль-Мессауди – «Тобыл» ойыншысы

Марокколық футболшы жаңа маусымда «Тобыл» намысын қорғайды деп хабарлайды қостанайлық “Тобыл” футбол клубының баспасөз қызметінен.

Ахмед Эль-Мессаудидің бельгиялық төлқұжаты да бар. Ол Бельгияда дүниеге келген және «Льерс» клубының тәрбиеленушісі.

2015 жылы Ахмед «Стандардқа» жалға берілді. 2016 жылдың басында Эль-Мессауди «Мехеленге» қосылды. Бір жылдан кейін клуб ойыншыны сатып алды.

«Тобылға» дейін Ахмед Эль-Мессауди «Фортуна», «Гронинген», «Эммен»(барлығы – Нидерланды) және «Газиантеп» (Түркия) сияқты клубтарда ойнады.

Эль-Мессауди Бельгияның түрлі жастағы құрамаларында ойнады. 2015 жылы ол тарихи отанына оралуға шешім қабылдады. Уругвай құрамасына қарсы жолдастық кездесуде Ахмед Марокко құрамасында дебют жасады.

Мамандардың пікірінше, ол денесінің ірілігіне қарамастан, өте жылдам қозғалады. Дриблингі мықты, өткір пас бере алады. Оның оң аяғымен бағыттайтын соққысы мығым.

 

Жаңалықтармен бөлісу