Әулиекөл ауданына қарасты Диев ауылында алты баспана бой көтереді

Әулиекөл ауданына қарасты Диев ауылында алты баспана бой көтереді

Әулиекөл ауданына қарасты Диев ауылындағы «Диев Агрофирма» ЖШС өз жұмысшыларына арнап тұрғын үй салуға ынта білдіріп отыр. Қазір құрылысқа арналған жер де дайын. Бұл жерді облыс әкімі Құмар Ақсақалов арнайы барып көріп, бұл бастама бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі екенін айтты.

Жалпы, ауылда былтыр да мамандарға арналып бір баспана салынған. Бұл ауылды тұтас сақтап, керекті мамандарды ұстап тұру үшін қажет. Енді алты үй бой көтерсе оның екеуі зейнеткерлерге, жұмысшыларға және медицина мамандарына берілуі мүмкін. Бір үйді салуға кем дегенде 10 млн теңге кетеді. Облыс әкімі бұл бастаманы қолдайтынын білдірді.

Ауылда мал шаруашылығын дамыту бағытында да ауқымды жұмыс атқарылуда. Мұндағы басты мақсат – мал өнімдерінің көлемін ұлғайту, халықтың сұранысын толық өтеу. Қазір мұнда асыл тұқымды ірі қараның қатары көбейген. Оның пайдасы көп. Шаруашылық басшысы Олег Даниленко ірі қара басқа тұқыммен будандасса да  әулиекөлдік сиырлардың негізін жойып алмай, сақтап қалуды көздейді.

 

А.Әбділдә.

Жаңалықтармен бөлісу