Бүгін Ұлттық ұланның “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінде 2023 жылдың жазғы оқу кезеңі салтанатты түрде ашылды.
Іс-шарада полковник Қ. Қажыбаев келіп, жеке құрамға оқуда жетістіктерге жетуге тілек білдіріп, бөлімнің жеке құрамымен мемлекеттік-құқықтық дайындығы сабағын өткізді.
Ол өз сөзінде Ел Президентінің 5 мамырда өткізілген Бүкілармиялық кеңесте айтылған ақпаратты жеткізді. Мемлекеттік-құқықтық дайындығы сабағынан кейін жеке құрам қауіпсіздік шаралары бойынша сабақтарға тарады. Өйткені, бұл күн жеке құрам үшін өте маңызды болып саналады.