Қазақстандық Анастасия Городко фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Ол параллельді могулда үздік атанды. Шешуші сында Анастасия Городко америкалық Риз Чапделайнді жеңді. Қола жүлдеге Эбби Макларнон (АҚШ) ие болды.
Бұған қоса, бір күн бұрын Анастасия жекелей жарыста күміс медаль жеңіп алған еді.