Әйгілі қолбасшыға – аяулы құрмет

Әйгілі қолбасшыға – аяулы құрмет

Биыл қазақтың көрнекті өкілі, аты аңызға айналған қолбасшы және Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының тумасы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Осынау екі елге ортақ тұлғаны Мысыр мен Қазақстан бірдей ұлықтап, бұл мерейтойды лайықты атап өтуге әзірлік жасап жатыр.

Соған байланысты меценат, жиһангер Сапар Ысқақовтың демеушілігімен Аманкелді ауданы орталығының солтүстік кіре беріс бағытына зәулім ескерткіш бой көтермек. Жобалық құны 45.000 млн теңгені құрайтын ескерткіштің құрылыс жұмыстарының жақында іргетасы қаланды.

Сапар Ысқақұлы қолбасшының топырағын арнайы әкеліп, аудан әкімі Талғат Карбозовпен ескерткіштің астыңғы бөлігіне орыналастырды.


Аталған ескерткіштің ашылуы Аманкелді Үдербайұлы Имановтың 150 жылдығы, Аманкелді ауданының 95 жылдығы және Сұлтан Бейбарыс бабамыздың 800 жылдық мерейтойына қарсаңында қыркүйек айына жоспарланып отыр.

Бейбіт Нұрмұханов

Аманкелді ауданы

Жаңалықтармен бөлісу