Қостанайлық жастар он үш жылда алғаш чемпион атанды

Қостанайлық жастар он үш жылда алғаш чемпион атанды

Қостанай балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің  2008 жылы туған тәрбиеленушілері футболдан ел чемпионы атанды.

Өскемен қаласында өткен республикалық жарыс өткен аптада бір аптаға созылған болатын. Оған еліміздің әр өңірінен он төрт  команда қатысты. Осылардың ішінде  Қостанай, Астана, Ақтөбе қаласынан барған ұжымдар финалдық кезеңге өтіп, өзара мықтыны анықтады. Қостанайлықтар суырылып алға шықты.

Бүгін чемпиондарды қостанайлықтар құшақ жая күтіп алды.

– Турнир тартысты өтті. Жасөспірімдердің қарқыны керемет. Жеңіске жеткенімізге өте қатты қуаныштымыз. Он үш жыл ішінде алғаш рет чемпион атандық. Алдағы уақытта тағы осындай додалы сайыстарда көрініп, Қостанайдың атын шығара бергіміз келеді., – дейді бас тринер Мақсат Ақанов.

Бұл жарыста «Үздік қақпашы»  Дастан Әмірбек атағын иеленсе, Шәкәрім Баяхметов «Үздік ойыншы» номинациясын жеңіп алды.

 

Бейбіт НҰРМҰХАНОВ

Жаңалықтармен бөлісу