Аянат Жұмағали Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Аянат Жұмағали Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали Жапонияның Аичи–Наго қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер арасындағы 77 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ие болды.

Аянат жұлқа көтеруде – 109 кг, ал серпе көтеруде – 137 кг бағындырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 246 кг нәтижесін көрсетті.

🥇 Хэ Жэньсю (Қытай) – 258 кг (118+140)

🥈 Аянат Жұмағали (Қазақстан) – 246 кг (109+137)

🥉 Рейхане Карими (Иран) – 243 кг (107+136)