Амангелдіде он үйдің құрылысы аяқталуға жақын

Амангелдіде он үйдің құрылысы аяқталуға жақын

Аудан орталығында екі пәтерлі он үй салынып жатыр. Баспаналар қазан айының орта шенінде пайдалануға берілмек.

Амангелді ауданына жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Құмар Ақсақалов құрылыс нысандарымен танысты. Жиырма пәтерлі үйге облыстық бюджеттен 323,4 млн теңге қаражат бөлінген. Бүгінде жеті баспана құрылысы 90 пайыз аяқталып тұр. Қалған үш үйдің жұмысы ортан белінен асқан.blank

«Бұл үйдер жалғызбасты аналарға, отбасы толық емес жандарға, мүгедектігі бар адамдарға беріледі. Қазір 91 адам пәтер кезегінде тұр. Оның 71-і — әлеуметтік тұрғыдан осал топқа жататын тұрғындар. Тиісті құжаттар ТКШ бөлімі арқылы рәсімделіп, «Отбасы банкке» өткізіледі. Одан соң жаңа үйлер иелерін табады», — дейді Амангелді ауданы әкімінің орынбасары Ислам Анарбекұлы.

blankЖаңа ғимараттарға былтыр салынған үйлерге пайдаланылған материалдар қолданылып жатыр. Өткен жылы қоныстанған тұрғындар баспананың сапалы, жылы да жайлы екенін айтып отырған көрінеді. blankblankblankАуылдың шет жағынан сап түзескен сәнді үйлердің айналасын абаттандыру да назардан тыс қалмайды.blank

«Қазір жарықтандыру бағандарын орнатып қойдық. Енді жолға қиыршық тас төсейміз. Ол мемлрандум аясында іске асады. Ал келесі жылы асфальт салып, қоршау орнатамыз. Алдағы уақытта балалар алаңын салу да жоспарда бар», — дейді аудан әкімі Кеделбаев.

Мердігерлердің барлығы — ауданның азаматтары, кәсіпкерлері. Құрылысшылар да жергілікті тұрғындар.blank

«Тұрғын үй құрылысына туған жер азаматтарының қатысуы жақсылық нышаны. Өйткені олар ауылдастарының алдындағы жауапкершілікті жете түсінеді, солай емес пе? Сонда да болса жаңа баспаналардың сапалы болуын қатаң бақылауда ұстаңыздар», — деді облыс әкімі жергілікті құрылысшыларды сөзге тарта келіп.

blankАмангелді ауданында 3,5 жылда 67 пәтерлі 61 тұрғын үй салынған. 2023 жылдан бастап жеке инвестиция есебінен 217 млн теңгеге 13 үй салынған. Сондай-ақ кейінгі үш жылда 1,7 мың әлеуметтік пәтер сатып алынса, оның 12-сі осы ауданға бұйырған.blankblank

Суреттерді түсірген — Бердіболат Көркембаев