Қостанай облысы Полиция департаменті және Арқалық қаласы прокуратурасының қызметкерлері 52 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде жүк салғыштан сойылған ақбөкеннің үш қап еті табылды. Аталған факті бойынша Арқалық қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз қарым-қатынас жасау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Тергеу барысында сараптама тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.