Қыдырымпаз балалар қатаң қадағалауда

Қыдырымпаз балалар қатаң қадағалауда

Қостанайда “Түнгі қаладағы балалар” атты республикалық жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. 17 шілдеде басталған рейдтің алғашқы күнінде-ақ көптеген құқық бұзушылық тіркелді.

Шараға 430 полиция қызметкері, 46 білім беру, 18 денсаулық сақтау мекемесінің мамандары және жергілікті атқарушы органның 22 өкілі жұмылдырылды.

Ювеналды полицейлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 442-бабы бойынша (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз сағат 23.00-ден кейін тұрғылықты үйден тыс жерде болуына жол беру) 56 ата-ананы жауапқа тартты. Сондай-ақ, ӘҚБтК 127-бабына сәйкес (ата-аналардың тәрбие жөніндегі және кәмелетке толмағандарды оқыту міндеттерін орындамау) 8 заңды өкілге хаттама толтырылды. Мұнымен қоса, кәмелетке толмаған екі бала мас күйінде тәртіп сақшыларының қолына түскен.

     «Рейдтің бірінші күні тұрмысы төмен 15 отбасы және кәмелетке толмаған 19 бала анықталып, профилактикалық есепке қойылды.   Тұрғылықты жері бойынша тұрмысы нашар 284 отбасы  (барлығы 1026, оның ішінде 1044 бала) және ІІО есебінде тұрған 248 кәмелетке толмаған бала (барлығы 849) тексерілді», – делінеді облыстық ПД баспасөз қызметі мамандары.

Жаңалықтармен бөлісу