17 мая, 2025
Ертең бүкіл Қазақстан бойынша  теледидар мен радио өшіріледі

Ертең бүкіл Қазақстан бойынша теледидар мен радио өшіріледі

Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Tengrinews.kz «Қазтелерадио» Ұлттық операторына сілтеме жасай отырып.

Үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистердің жабылуымен жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні хабарланды.