Донорлық процесс барысында жүрек, өкпе және бауыр алынған. Аталған ағзалар трансплантаттауды күтіп жүрген науқастарға берілмек.
“Осындай әр жағдайдың артында дәрігерлердің, реаниматологтардың, трансплантологтардың, донорлық үйлестірушілердің, санитариялық авиация мамандарының және басқа да көптеген медицина қызметкерлерінің орасан зор еңбегі тұр. Алайда ең алдымен, бұл – ең қиын сәтте отбасының қабылдаған шешімі”, — деп жазды ол туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Донордың туыстарына көрсеткен батылдығы мен адамгершілігі үшін шынайы алғысын білдірді.
