15 мая, 2025
Алдағы қала күніне тарту

Алдағы қала күніне тарту

Қостанай  орталығын  абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Алайда, белгілеген уақыттан кешеуілдеп жатыр. Оған себеп, шекарадағы кептелістер екен.  Құрылыс  жабдықтары  мен қажетті бөлшектерді дер кезінде жеткізу қиындық тудыруда дейді  мердігерлер. Өткен аптадағы ауа-райының қолайсыздығы да қолбайлау.

Шаһар басшысы Марат Жүндібаев аппарат жиналысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысына осы аптада саябаққа төсемтас төсеу жұмыстарын аяқтап,  бірқатар  субұрқақты ашуды тапсырды.

Жоспарлы жұмыстар уақытымен орындалса, орталықтағы   субұрқақтардың ашылатын  қүні жақындады.

Қымбат Мұратбекқызы

Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков