ҚР Азаматтық процестік кодексіне өзгеріс енгізіледі. Яғни, енді тегін заң көмегін алатындар қатары кеңейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Депутаттардың бастамасымен тегін заң көмегі мынадай мәселелері бар адамдарға көрсетіледі:
– алимент өндіріп алу туралы даулар бойынша талап қоюшыларға;
– кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын даулар бойынша талап қоюшыларға;
– «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, өмірлік қиын жағдайда жүрген талап қоюшыларға;
– техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан келтірілген залалды өтеу бойынша талап қоюшыларға көрсетіледі.
Бұған қоса, қандай да бір іске «қорғалуға құқығы бар куә» мәртебесінде қатысып жатқан азаматқа тегін адвокат көмегін алу мүмкінгі берілмек.