Бүгін – еліміздің энергетикалық қуатын еселеп, мұнай-газ саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген мамандардың кәсіби мерекесі.
Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының бірінші жексенбісінде Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні атап өтіледі.
Бұл – жай ғана кәсіби мереке емес. Бұл – ел экономикасының маңызды тірегіне айналған стратегиялық саланың дамуына күн сайын үлес қосып жүрген мыңдаған маманға көрсетілген құрмет.
Бүгінде Қазақстан мұнай мен газды өндірумен ғана шектелмей, шикізатты терең өңдеуге, мұнай-газ химиясын дамытуға, мұнай өнімдерінің түрлерін көбейтуге және қосылған құны жоғары өнім шығаруға басымдық беріп отыр.
Ал осы үлкен міндеттердің артында – маңдай терін төгіп, жауапкершілікпен еңбек етіп жүрген білікті мамандар мен сала ардагерлері тұр.
Мұнай-газ кешенінің барша қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
